Үшқұдық ауылдық округі әкімі Б. Акдаулетов қарттар күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады

Үшқұдық ауылдық округі әкімі Б. Акдаулетов қарттар күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады

Үшқұдық ауылдық округі әкімі Б. Акдаулетов қарттар күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Үшқұдық ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті. Ауылдық округ әкімі Б. Акдаулетов ауылдың қарт тұрғындарын атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, оларға ілтипат пен құрмет көрсетті.

Шара барысында округ әкімі бірқатар қарттарға арнайы мерекелік сыйлықтар табыстап, ақсақалдармен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың хал-жағдайын сұрады.

"Қариялар – елдің қазынасы. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақ баталарыңыз – біз үшін үлкен бағыт-бағдар. Қоғамда Сіздердің орындарыңыз әрдайым ерекше", – деп атап өтті әкім өз құттықтауында.

Бұл шара аға буын өкілдеріне деген құрметтің бір көрінісі ғана. Алдағы уақытта да қарияларымыздың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, олармен тығыз байланыста болу басты назарда.