
ТОҚМАНСАЙ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ! 🔔📚
Бүгін Тоқмансай орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, мектеп ауласы қуанышқа, шаттыққа және ерекше толқынысқа бөленді. Ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен Тоқмансай ауылдық округінің әкімі Кушкимбаев Шоқан Жоламанович және Тоқмансай орта мектебінің директоры Жұмабай Даулет Асқарұлы құттықтап, ақжолтай тілектер айтылды.
Биыл мектебіміздің табалдырығын алғаш рет 17 бүлдіршін аттап, бірінші сынып оқушысы атанды.
Кеше ғана балабақшада жүрген кішкентай бүлдіршіндер бүгін қолдарына гүл ұстап, мектеп формасын киіп, білім ордасының есігін алғаш рет ашты. Олар үшін бұл күн – өмірлеріндегі жаңа кезеңнің, үлкен армандар мен жарқын мақсаттарға бастар жолдың алғашқы қадамы.
Алғашқы қоңырау үні бүлдіршіндерге білім әлемінің есігін айқара ашып, оларды қызығы мен қиындығы қатар жүретін ғажайып мектеп өміріне жетеледі. 🔔