
«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестиваліне Қайнар ауылының тұрғыны, көпбалалы Қазекенова Қымбат әжеміз де қатысып, тарыдан әзірленген ұлттық тағамдарын көпшілік назарына ұсынды. Қымбат әжеміз төрт жылдан бері өз ауласында тары өсіріп келеді. Бүгінде тары өсіріп, одан түрлі дәмді тағамдар дайындау оның сүйікті ісіне айналған. Фестиваль барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттауға үлес қосты