1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тоқмансай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.

Мақсаты:
1.Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Концерт барысында ауылдың өнерлі балалары ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Көрермендер жас өнерпаздардың өнеріне қолдау көрсетіп, ыстық ықыластарын білдірді.
Сонымен қатар мерекеге арнайы шақырылған аниматорлар балаларға қызықты ойындар ұйымдастырып, көңілді билерін көрсетті. Балалар аниматорлармен бірге түрлі флешмоб билерін қайталап, ойындарға белсене қатысып, ерекше әсерге бөленді.
Шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, мерекелік атмосфера орнады. Ата-аналар мен ауыл тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, балалардың шат күлкісі мен қуанышын бірге бөлісті.
Осындай игі шаралар өскелең ұрпақтың жарқын болашағына деген қамқорлықтың көрінісі болып табылады. Мереке соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Тоқмансай ауылдық мәдениет үйі барлық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!