18 наурыз - Ұлттық киім күні

18 наурыз - Ұлттық киім күні

https://www.instagram.com/reel/DWA1wxLiOLq/?igsh=MXA0MXNnenV3Yzc4bw==

18 наурыз күні Тоқмансай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Ұлттық киім күні” ерекше сән-салтанатымен аталып өтті.
Мақсаты:
1) Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу, ұлттық киімге деген құрметті арттыру және жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу болды.
Іс-шараның басты ерекшелігі – қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған сәндік дефиле болды.
Іс шараға ауыл тұрғындары, мәдениет үйінің қызметкерлері және «Нұрлы әжелер» үйірмесінің мүшелері белсене қатысты. Қатысушылар ұлттық нақыштағы камзол, кимешек, шапан сынды дәстүрлі киімдерді киіп, олардың тарихы мен маңызын таныстырып өтті.
Дефиле барысында әрбір киімнің өзіндік ерекшелігі, ою-өрнектері мен қолданылу мәні сахнада көрерменге кеңінен түсіндірілді. «Нұрлы әжелер» үйірмесінің әжелері ұлттық киімдердің тәрбиелік мәніне тоқталып, жас ұрпаққа салт-дәстүрді сақтаудың маңыздылығын жеткізді.
Кеш соңында қатысушылар мен көрермендер ерекше әсер алып, ұлттық рухты көтеретін мұндай шаралардың маңыздылығы атап өтілді.