Өңір басшысы Асхат Шахаров жұмыс сапары аясында Тоқмансай ауылдық округіне барып, «Алға–Тоқмансай» аудандық автожолының жөндеу барысымен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты

Өңір басшысы Асхат Шахаров жұмыс сапары аясында Тоқмансай ауылдық округіне барып, «Алға–Тоқмансай» аудандық автожолының жөндеу барысымен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты

Қазіргі уақытта ұзындығы 26,6 шақырым екі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «АссанаДорСтрой» ЖШС атқаруда. Жоба алғаш рет 2017 жылы басталғанымен, іске асыру барысында бірнеше рет түзетулер енгізіліп, мердігерлермен сот даулары да болған. 2024 жылы облыс әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен жобаға өзгерістер енгізіліп, қаржыландыру қайта қаралды.
Жөндеу жұмыстарын мердігер биылғы жылдың қазан айының соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

«Бұл жолдың жөндеу жұмыстары бірнеше жылға созылып кетті. Әрине, ол тұрғындардың орынды сын-ескертпелеріне де себеп болды. Ендігі маңызды мәселе – жұмыстың мерзімінде әрі сапалы орындалуы. Бұл жол тұрғындардың күнделікті өмірі мен бүкіл округтің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Нысан толық аяқталғанға дейін жағдайды жіті бақылауда ұстаймыз», – деді Асхат Шахаров.