Алға ауданына жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров Тоқмансай ауылындағы негізгі мектепке барды

Алға ауданына жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров Тоқмансай ауылындағы негізгі мектепке барды

Мектеп директоры Гүлмира Нұрмағанбетова өңір басшысын оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу қажет. 2004 жылы ашылғаннан бері тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектепте бес оқу кабинеті, информатика кабинеті, кітапхана және бейімделген спорт залы бар. Асхана он адамға арналған.

Мектепте 67 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда оқу кабинеттеріне барлық оқушы сыймайды. Бұған дейін болған директор кабинеті мен мұғалімдер бөлмесі оқу сыныптарына берілген. Сондай-ақ спорт залы жоқ. Ғимараттың тозуы және заманауи талаптарға сай емес болуы оқу корпусын күрделі жөндеу немесе жаңа ғимарат салуды қажет етеді.

Жергілікті тұрғындар өңір басшысымен кездесуде балалардың жайлы жағдайда оқуы үшін жаңа мектеп салуды сұрады.

Асхат Шахаров жауапты тұлғаларға ауылда жаңа мектеп салу мәселесін қарауды тапсырды.

«Мектеп – ауыл өмірінің орталығы. Балалар қауіпсіз және жайлы жағдайда оқуы керек. Тоқмансайда жаңа мектеп салу мүмкіндігін қарастырамыз. Ауыл мектептерін қолдау – біздің маңызды басымдықтарымыздың бірі», – деді облыс әкімі.