📢 Құрметті Тамды ауылдық округінің тұрғындары!
Жеке куәлігіңіздің қолданылу мерзімін тексеріп, оны уақытылы ауыстыруды алдын ала қолға алуыңызды сұраймыз.
Егер жеке куәлігіңіздің қолданылу мерзімі аяқталуға жақын немесе өтіп кеткен болса, жаңа құжатты рәсімдеу үшін уәкілетті органға уақытылы жүгінуіңізді сұраймыз.
Жеке куәлікті уақытылы ауыстыру мемлекеттік қызметтерді алу, түрлі құжаттарды рәсімдеу және өзге де заңдық маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
“Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-сі