"Отбасы - бақыт мекені"

"Отбасы - бақыт мекені"

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Алға қаласында орналасқан “Жадыра” отбасын қолдау орталығында аудандық өз отбасың туралы естелік  әңгіме жазу марафоны ұйымдастырылды. Аталған шараға Тамды ауылдық округінен 2 отбасы қатысып, белсенділік танытты. Оның ішінде Тамды ауылынан – 1 отбасы, Талдысай ауылынан – 1 отбасы қатысты.
 
Марафон барысында қатысушы отбасылар өздерінің отбасылық құндылықтары, тәрбиелік ұстанымдары мен қызықты оқиғалары туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Шара соңында марафонға қатысқан отбасылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға алғыс білдіреміз!