Екі айлық сенбілік - тазалық кепілі

Екі айлық сенбілік - тазалық кепілі

Ағымдағы жылдың 3 сәуірі күні Тамды ауылдық округінде екі айлық сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында ауылдағы мекемелердің аумақтары, ауыл көшелері және Елек өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.

 

Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. «Тазалық – саулық негізі» демекші, қоршаған ортаны таза ұстау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сенбілік барысында ауыл тұрғындары бірлесе еңбек етіп, ортақ іске өз үлестерін қосты.

 

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Осындай игі істер арқылы ауылымыз көркейіп, таза әрі жайлы орта қалыптасады. Тазалықты сақтау – әрқайсымыздың күнделікті дағдымызға айналуы тиіс.