Мотокөлік жүргізушілерінің назарына!

Мотокөлік жүргізушілерінің назарына!

Тіркелмеген, яғни мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотокөліктерді басқаруға, сондай-ақ тиісті жүргізуші куәлігінсіз және қорғаныш шлемінсіз жолға шығуға қатаң тыйым салынады.

 

Егер мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотокөлік басқарылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігі және 590-бабының 2-бөлігі негізінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылады.

 

Осыған байланысты барлық мотокөлік иелеріне көліктерін заңдастырып, қажетті құжаттарын толық ретке келтіру ұсынылады.

 

Жол қателікті кешірмейді!