«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алғада 200 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алғада 200 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Алға ауданында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Аталған шара барысында ауданда кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, бейберекет төгілген қоқыс үйінділерін жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. Экологиялық акцияға 70-ке жуық мекемеден 1000-нан астам адам қатысып, жұмысқа 20 бірлік арнайы техника тартылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағынан 200 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға жеткізілді.

Коммуналдық қызметтер тарапынан қоқыс полигондарын тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару және аумақтарды ретке келтіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Бұл шаралар аудандағы санитарлық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.