
Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 30 мамыры аралығында аудан көлемінде санитарлық-тазалық жұмыстары бойынша екі айлық жарияланды. Осыған орай, барлық мекеме басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтіп, абаттандыру және көгалдандыру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту;
Аумақтарды қоқыстан тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарын жүйелі жүргізу;
Әлеуметтік нысандардың айналасын ретке келтіріп, жасыл аймақтар мен гүлзарлар көлемін арттыру.
Мәжілістен кейін жұмыс тобы мектеп жанындағы жылыжайлардың тыныс-тіршілігімен танысты. Қазіргі уақытта жылыжайларда гүл тұқымдары егіліп, олардың өсіп-өнуіне барлық қажетті жағдайлар жасалған. Өсіп шыққан көшеттер алдағы уақытта мектеп аулаларын көгалдандыруға пайдаланылады.
Айта кетейік, бұл жоба оқушыларды еңбекке баулуға, экологиялық тәрбие беруге және олардың тәжірибелік білімдерін шыңдауға бағытталған. Алдағы уақытта жылыжай аумағын кеңейтіп, жаңа дақыл түрлерін егу жоспарлануда.