
Аудан орталығында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Құқықтық дәріхана» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараға жергілікті атқарушы құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер, сот орындаушылар, адвокаттар қатысты.
Шара барысында 20-дан астам азаматқа құқықтық көмек көрсетіліп, бірқатар мәселелер сол жерде өз шешімін тапты.
Сонымен қатар тұрғындарға интернет-алаяқтықтан қорғану, алимент өндіру, отбасылық жағдайлар, мемлекеттік қызметке орналасу құқықтары және өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған акция тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған.