
14 наурыз күні Тамды ауылдық мәдениет үйінің алаңында Көрісу күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Ауыл тұрғындары бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектер айтып, ұлттық дәстүрдің мәнін сезінді.
Шара барысында өнерпаздар ән мен күй тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, ақ дастархан жайылды.
Көрісу күні – бірлік пен татулықтың мерекесі.
Баршаңызға Амал мерекесі құтты болсын!