14 наурыз Көрісу күні Еркінкүш ауылында тойланды

14 наурыз Көрісу күні Еркінкүш ауылында тойланды

14 наурыз – халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан Амал мерекесі – Көрісу күніне орай Еркінкүш ауылында ерекше мерекелік шара өтті.

«Көрістік барша қазақпен» атты мерекелік концертті Тамды ауылдық мәдениет үйінің ұжымы ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, әсем әндер шырқалып, ұлттық нақыштағы өнер көрсетілді. Көктемнің шуақты күнінде ауыл тұрғындары бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектер айтып, мерекенің шынайы рухын сезінді.

Мерекелік жиында Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманы Шетеева Эленора Муратовна сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтап, бірлік пен татулықтың маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде бұл мерекенің адамдарды жақындастырып, бауырмалдық пен сыйластықты арттыратын ерекше күн екенін жеткізді.