1 ақпан – Халықаралық ақ орамал күніне орай Тамды ауылының кітапханасында «Ақ орамал – ананың аманаты» атты тағылымды іс-шара өтті. Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, аналар мен әжелерге құрмет көрсету.
Ақ орамал – қазақ халқы үшін аналық мейірімнің, даналық пен тазалықтың нышаны. Іс-шарада «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен ауылдың аяулы әжелері ақ орамалдың тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті. Аналар ақ батасын беріп, жас ұрпаққа өнеге көрсетті.
Ауылдық округ әкімі Марат Құдайбергенұлы Нұртазин әжелердің еңбегіне ризашылығын білдіріп, олардың тәрбиесі мен батасы ел бірлігінің негізі екенін атап өтті. Ақ орамал – ұрпақтар сабақтастығын жалғаған қасиетті белгі.