Ақтөбеде ашылған жаңа спорт кешенінде сурдо футзалдан ҚР чемпионаты өтті

Ақтөбеде ашылған жаңа спорт кешенінде сурдо футзалдан ҚР чемпионаты өтті

24–31 қаңтар күндері Ақтөбедегі «Қуат» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 Еліміздің 15 өңірінен келген командалар қатысқан турнирде 200-ге жуық спортшы өзара бақ сынасты. Жарыс жоғары қарқынмен өтіп, тартысты ойындармен есте қалды.

 Чемпионат қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрамасы чемпион атанды. Жетісу облысының спортшылары күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қостанай облысының командасы қола медаль иеленді.

 Турнирдің үздік ойыншысы атағы жетісулық Шыңғысбек Русланға бұйырды. Ал үздік мерген ретінде Түркістан облысының спортшысы Анарбай Айдос танылды.

 Сондай-ақ, чемпионат нәтижесі бойынша үздік ойыншылар көктемде Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысу үшін Қазақстанның ұлттық құрамасына іріктеледі.