Бүгін аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады

Бүгін аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады

Сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар мен негізгі бағыттарды таныстырды.

Кездесу барысында тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиында бірнеше өзекті мәселе көтерілді. Атап айтқанда, көше жарығы және қаңғыбас иттерді аулау мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар бау-бақша аумағына тартылған жоғары кернеулі электр желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі де көтерілді.

Аудан әкімі аталған түйткілдердің әрқайсысы бойынша жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және қажетті шараларды қабылдауды міндеттеді.

Кездесу соңында аудан әкімі жеке қабылдау ұйымдастырып, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады.