
Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Тамды, Талдысай және Еркінкүш ауылдарына барып, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуге аудандық бөлім басшылары мен мекеме өкілдері қатысты. Талдысай ауылында тұрғындар жер мәселесін көтерсе, Тамды ауылында су стансасының құбырын тазарту қажеттілігі айтылды.
Еркінкүш ауылында тұрғындардың жол мәселесін шешу мақсатында демеушілік қолдауымен қиыршық тас төсеу жұмыстары басталғаны хабарланды.
Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындардың барлық ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін бақылауға алып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.