
В.И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде Ұстаздар күніне орай «Ұстаздық еткен жалықпас» атты аудандық мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев, аудан әкімінің орынбасары Болатбек Кангужин, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов, білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Рита Еркусімова, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Ардақ Мырзағали, аудандық білім бөлімінің м.а. Гүлшат Бүркіталинa, сондай-ақ ардагер ұстаздар мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Мерекелік кеш барысында білім саласының үздік мамандары облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, сондай-ақ аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шарада ардагер ұстаздар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жас мамандарға тағылымды өнеге жолын ұсынды. Ал мектеп оқушылары мен өнерпаздар ұстаздарға арнап әсем әндер орындап, мерекелік кештің сәнін келтірді.