Аудан әкімі Асланбек Шуиншалиев Қарақобда, Маржанбұлақ, Қарақұдық, Бестамақ, Қарабұлақ, Бесқоспа және Тоқмансай ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады.
Сапар барысында Маржанбұлақ ауылында салынып жатқан спорт кешені мен амбулаторияның құрылысын, сондай-ақ ауылішілік жолдарды асфальттау жұмыстарын тексерді. Қарақобда мен Қарақұдық ауылдарында ауылішілік көшелерді жол құрылысының сапасына назар аударды.
Бестамақ ауылында балабақша ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары және Есет батыр мемориалдық кешенін қайта жаңғырту барысы қаралды. Сонымен қатар, Бесқоспа ауылдық округіндегі көпір құрылысы мен Алға–Тоқмансай бағытындағы автомобиль жолын асфальттау жұмыстарының барысы бақылауға алынды. Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылындағы білім ордасының күрделі жөндеу жұмыстарын, Алға-Қарабұлақ бағытындағы көпірдің құрылысын қарады.
Аудан әкімі аталған нысандар бойынша жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Мұндай нысандардың халық игілігіне уақытылы берілуі – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.