Алға ауданының әкімі А.Шуиншалиев жұмыс сапары аясында Тоқмансай және Қайнар ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Алға ауданының әкімі А.Шуиншалиев жұмыс сапары аясында Тоқмансай және Қайнар ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесу алғаш болып Тоқмансай ауылында өтті. Ауыл тұрғындары аудан әкіміне ауылішілік жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайда екенін айтып, оларды қиыршық таспен жабу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, тұрғындар ұялы байланыс желісінің әлсіздігін және ауыл маңындағы су өткеліне көпірдің қажеттігін жеткізді.

Одан кейінгі кездесу Қайнар ауылында жалғасын тапты. Тұрғындар тарапынан Қайнар мен Есет батыр ауылдарының арасындағы жол құрылысының басталу және аяқталу мерзіміне қатысты нақты ақпарат беру сұралды. Әңгімелесу барысында тұрғындар аудан және ауыл әкімдеріне көрсеткен қолдаулары мен ашық сұхбат үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесулерден соң аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.