Мемлекеттік Гимн орындалды!

Мемлекеттік Гимн орындалды!

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Тамды ауылдық округінің әкімі А.К.Сейдалиев  ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдарымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

Шараның мақсаты – ел тұрғындарының мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен патриоттық рухты қалыптастыру. Мемлекеттік Гимн орындалған сәтте қатысушылар жүрек тұсына қолдарын қойып, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Аталған іс-шара ауылдық округтегі рухани-патриоттық тәрбие жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады.