Алға қаласының Орталық саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай еліміздің Әнұранын бір мезгілде орындау акциясы өтті.

Алға қаласының Орталық саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай еліміздің Әнұранын бір мезгілде орындау акциясы өтті.

Аталған патриоттық шараға Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесі, сондай-ақ аудан орталығында орналасқан түрлі мекеме-ұйымдардың ұжымдары белсене қатысты.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы. Осындай іс-шаралар жастардың бойында елжандылықты тәрбиелеп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.

Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді және ол — ұлттық бірегейлік пен тәуелсіздіктің құндылығын айқындайтын ел тарихындағы маңызды күн.

Шара соңында қатысушылар Мемлекеттік Туды биікке көтеріп, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, патриоттық рухта бірлік пен ынтымақты көрсетті.