Алға ауданының әкімі А.Шүйіншәлиевтің аудан тұрғындарын 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күнімен құттықтауы

Алға ауданының әкімі А.Шүйіншәлиевтің аудан тұрғындарын 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті Алға ауданының тұрғындары!

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысының, егемен ел болуға деген арманының нақты белгісі.

Туымыз – биік рухтың, Елтаңбамыз – мемлекетіміздің тұғырының, Әнұранымыз – жүрек түкпіріндегі елге деген сүйіспеншіліктің нышаны. Рәміздеріміз – Тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы абыройы мен бірлігінің, болашаққа деген сенімінің бейнесі.

Олар – әрбір азаматтың патриоттық сезімін оятатын, елге, жерге деген құрмет пен мақтаныштың нышаны. Сондықтан оларды қастерлеу – баршамыздың азаматтық борышымыз.

Осы мерекеде әр шаңыраққа амандық, бірлік пен береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін! Егемен еліміздің көк байрағы әрқашан биікте желбірей берсін!

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев