📌Алға–Бестамақ бағытындағы жолда асфальт жабындысының екінші қабаты төселуде.

📌Алға–Бестамақ бағытындағы жолда асфальт жабындысының екінші қабаты төселуде.

⚜️Алға–Бестамақ бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын «Сине-Мидас-Строй» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын бұл жолдың екінші қабатын төсеу жұмыстары 2025 жылғы маусым айының алғашқы он күндігінде толық аяқталады деп жоспарлануда.

Аталған жол учаскесінің жаңартылуы – Алға, Бестамақ және Ақтөбе арасындағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.