📌Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда!

📌Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда!

⚜️Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алға ауданында түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырылды.

⚜️Шараға аудан әкімдігі, білім бөлімі, полиция қызметкерлері және еріктілер тобы жұмылдырылды.

⚜️Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүру фактілері тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

⚜️Мұндай алдын алу шаралары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты төмендетуге және олардың қауіпсіз ортасында өсуіне оң ықпал етеді.

⚜️Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!