«Қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша учаскелік инспектордың жұмысы»

«Қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша учаскелік инспектордың жұмысы»

Бүгін Алға ауданының учаскелік  инспекторы, полиция капитаны Елюбаев Мирболат Айгалиұлы, Сарықобда  ауылдық округіне бекітілген учаскелік инспектор ретінде, округ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Іс-шаралар барысында тұрғындармен киік қорғау, оларды заңсыз атуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, бүгін жаңа жылдық ойыншықтар мен пиротехникалық бұйымдарды сататын сауда объектілерінде профилактикалық түсіндіру және кеңес беру жұмыстары өткізілді. Пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың

Аталған іс-шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.