
Сарықобда орта мектебінде оқушылардың денсаулығын нығайту, оларды спортқа баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында маңызы зор спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын, күш-жігерін көрсетіп, нағыз командалық рух танытты.Әр тапсырма балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсету, бірге шешім қабылдау, ынтымақтаса әрекет ету дағдыларын дамытты.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың тек денсаулығын жақсартып қана қоймай, жаңа эмоция, жағымды әсер, мектеп ішіндегі достық атмосфераны нығайтуға үлкен үлес қосады. Балалар үшін пайдалы, көңілді әрі әсерлі күн болды.