Сарықобда ауылдық округінің мектеп кітапханасындағы заманауи технологиялар.

Сарықобда ауылдық округінің мектеп кітапханасындағы заманауи технологиялар.

Сарықобда ауылдық округінің орта мектебінің кітапханасында «Мобильді кітапхананы жүктеп ал да, оқы» тақырыбында танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға баулу, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру және ғылыми-мәдени көзқарастарын кеңейту.

Шара барысында кітапханашы Калараш Лариса Борисовна оқушыларға модельдік кітапхананың ерекшеліктерін таныстырып, QR-код арқылы әдеби кітаптарды жүктеу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар оқушылар сүйікті шығармаларын жүктеп алып, кез келген уақытта оқу мүмкіндігі туралы ақпарат алды.