Алға қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай биіктігі 35 метрлік Ту тұғыры орнатылды. 🇰🇿

Алға қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай биіктігі 35 метрлік Ту тұғыры орнатылды. 🇰🇿

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, 4 маусым күні Алға қаласында жаңа қоғамдық кеңістік – Тәуелсіздік аллеясы ашылып, онда биіктігі 35 метрлік Ту тұғыры орнатылды.
Ту тұғыры еліміздің тәуелсіздігінің жарқын символына айналып, аудан орталығына ерекше көрік берді.
Жоба аясында аллея аумағы абаттандырылып, заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін орындықтар қойылып, жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
Тәуелсіздік аллеясының ашылу салтанатына қала тұрғындары қатысып, Мемлекеттік Тудың салтанатты түрде көтерілу рәсімінің куәсі болды. Іс-шара барысында алғалықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.
Тәуелсіздік аллеясы – патриотизмнің, бірліктің және мемлекетшілдіктің жарқын көрінісі. Көк Туымыз әрдайым көкте асқақ желбіреп, халқымыздың бейбіт өмірі мен тәуелсіз Қазақстанның өркендеуінің символы болып қала берсін! 🇰🇿Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, 4 маусым күні Алға қаласында жаңа қоғамдық кеңістік – Тәуелсіздік аллеясы ашылып, онда биіктігі 35 метрлік Ту тұғыры орнатылды.
Ту тұғыры еліміздің тәуелсіздігінің жарқын символына айналып, аудан орталығына ерекше көрік берді.
Жоба аясында аллея аумағы абаттандырылып, заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін орындықтар қойылып, жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
Тәуелсіздік аллеясының ашылу салтанатына қала тұрғындары қатысып, Мемлекеттік Тудың салтанатты түрде көтерілу рәсімінің куәсі болды. Іс-шара барысында алғалықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.
Тәуелсіздік аллеясы – патриотизмнің, бірліктің және мемлекетшілдіктің жарқын көрінісі. Көк Туымыз әрдайым көкте асқақ желбіреп, халқымыздың бейбіт өмірі мен тәуелсіз Қазақстанның өркендеуінің символы болып қала берсін!