1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маржанбұлақ ауылдық округі әкімдігі, ауыл кәсіпкерлері және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларының қолдауымен Маржанбұлақ және Қайыңдысай ауылдарының балаларына балмұздақ таратылды.
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға атсалысқан барлық демеушілер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Балалардың қуанышы әрдайым еселене берсін! 🎉🍦👧👦