2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.

2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.

.Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200 адам, докторантураға 12 адам қабылданады. Бұрын магистратураға тек 120 грант бөлінсе, биыл мемлекеттік грант саны 80-ге артты. Сондай-ақ үміткерлердің функционалдық еңбек өтілін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылады.

Жаңа оқу жылына құжаттар 12 емес, 15 білім бағдарламасы бойынша қабылданады. Биыл жаңадан «ML-ҚҰҚЫҚ», «ЕМВА – ІСКЕРЛІК-ӘКІМШІЛЕНДІРУ», «DDPA – ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ» білім бағдарламалары енгізілді.

Жекелеген білім беру бағдарламаларын ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстыруға байланысты «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар», «Экономика» бағдарламаларының оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар 2 білім бағдарламасының оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды:
«MRD – Өңірлік даму»;
«Адами ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасы «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» бағдарламасы болып өзгертілді және оқу мерзімі ұлғайтылды.

«Мемлекеттік саясат» магистратура бағдарламасына түсушілер үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттың болуы міндетті талап ретінде енгізілді.

Қажетті құжаттар тізімі карусельде.