17 Наурыз Шаңырақ күніне орай «Наурыз бата» дәстүрі жаңғырды

17 Наурыз Шаңырақ күніне орай «Наурыз бата» дәстүрі жаңғырды

№2 Маржанбұлақ орта мектебінде Наурыз мерекесіне орай ерекше тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті. 17 наурыз – Шаңырақ күні аясында ұйымдастырылған «Наурыз бата» беру рәсімі ұлттық дәстүрді жаңғыртып, оқушыларға рухани құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.

Іс-шара барысында ақсақалдар мен ұстаздар жас ұрпаққа ақ тілектерін арнап, бата берді. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат алып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірді. Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада ұлттық әндер шырқалып, көріністер қойылды.

Бұл тағылымды шара оқушылардың ұлттық сана-сезімін арттырып, Наурыз мерекесінің мән-маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/reel/DV-a60ZCG-i/?igsh=eGhnbDN0dmc5eWpt

https://www.instagram.com/reel/DV-bR1LiG1f/?igsh=bWl6ZDd2anNjbHI3

https://www.instagram.com/reel/DV-dPSkiOck/?igsh=MWJ0NzlzdXozOGgwOQ==

https://www.instagram.com/reel/DV-dlRmCOnq/?igsh=Y3NxazRwMnNzcjcy