
14 наурыз – халқымыздың ежелден келе жатқан тағылымы мол Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандасып, ақжарма тілектерін айтып, татулық пен бірлікті нығайтады.
Осы игі дәстүрді жалғастыра отырып, №2 Маржанбұлақ орта мектебінің қызметкерлері және Мәдениет үйінің қызметкерлері Маржанбұлақ орта мектебіне арнайы барып, ұжыммен көрісіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында халқымыздың дәстүрі дәріптеліп, қоржын берісу салты сақталып, қонақтарға арнайы қонақ кәде ұсынылды. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған бұл кездесуде жылы лебіздер айтылып, ақ тілектер мен баталар берілді.
Осындай тағылымды шаралар ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртып, ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.