2025 жылдың 13 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Алға ауданының елді мекендері аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және абаттандыруға бағытталған екі айлық сенбілік басталды.
Аталған шара аясында Маржанбұлақ ауылында кең көлемді жұмыстар атқарылды. Ауылдың сыртындағы полигон аумағында желмен ұшқан қоқыс қалдықтары жиналып, санитарлық тазалық қамтамасыз етілді.
Бұл жұмыстар елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтардың зиянын азайтуға және ауылдың келбетін жақсартуға бағытталды.