БЖЗҚ: қызметтердің 98%-ы цифрлық форматта

БЖЗҚ: қызметтердің 98%-ы цифрлық форматта

01.01.2025 ж. - 31.07.2025 ж. аралығында БЖЗҚ салымшыларға шамамен 27,9 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде: ✅ 15,6 млн - электрондық форматта ✅ 11,4 млн - автоматты түрде ✅ 565,8 мың - қызмет жүзбе-жүз 🔹 Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі – 98%. Ең танымал қызмет - ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ бойынша үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері 17,2 млн үзінді көшірме берілді, оның ішінде 14,3 млн - электронды түрде. Қызметтерді алу үшін салымшылар: •Қордың сайты мен мобильді қосымшасын, •egov.kz порталы мен мобильді қосымшасын пайдалана алады. 💡 Қағаз түріндегі жыл сайынғы үзінді көшірмелер 2025 жылдан бастап пошта арқылы жіберілмейді, бірақ сұраныс жасаған жағдайда Қордан пошта арқылы алуға болады. Сондай-ақ, Жеке кабинет арқылы: • деректемелерге өзгерістер енгізу, • анықтама алу, • зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру, • жарналардың мәртебесін қадағалау, • ИПБ-ға жинақтардың бір бөлігін аудару, • зейнетақы калькуляторын пайдалану мүмкіндігі бар. 📞 Кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша таныстырылымға өтінім бере алады. Ол үшін 1418 байланыс орталығына қоңырау шалу немесе сайт/қосымша арқылы хабарласу жеткілікті.