Қарақобды ауданық округінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде

Қарақобды ауданық округінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде

Қарақобда ауылдық округінде ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алып келеді.

Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин, Ағниязов, Әділов, Әбу Бәкір, Жангелдина, Мектеп және Құрманалин көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауылдың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Мердігер мекеме – «Ербол Мен» ЖШС жобаны жүзеге асыруда. Жөндеу барысында барлық технологиялық талаптар мен стандарттар қатаң сақталуда. Асфальт төсеу кезең-кезеңімен жүргізіліп, сапасына ерекше мән берілуде. Жоба толықтай биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңартылған 5,27 шақырым жол ауылдың келбетін айшықтап қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етпек.

Ауыл әкімдігі тарапынан жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуы тұрақты бақылауда тұр.