Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №249 «2025-2027 жылдарға арналған Қарахобда ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қарахобда ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №249 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарахобда ауылдық округінің бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 472 134мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 259 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 960 мың  теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  465 915 мың теңге;

2) шығындар – 475 178,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу   – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу   – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 3044,7  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3044,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3044,7 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шешім жобасы
Дата публикации
05 ноября 2025