Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осыған орай Қарақұдық ауылдық округінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікте көше бойларын тазалау, қоқыстарды шығару, ретсіз қоқыстарды жою, ескерткіштердің айналасын тазарту, жазуларын жаңғырту секілді бірқатар жұмыстар атқарылды.