Қарақұдық ауылында Ұлттық домбыра күніне арналған танымдық кездесу

Қарақұдық ауылында Ұлттық домбыра күніне арналған танымдық кездесу

Ұлттық домбыра күніне орай Қарақұдық ауылы мәдениет үйінің қызметкері Әлібек Ынтағали бүлдіршіндермен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында балалар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.

Әсіресе, халқымыздың қастерлі мұрасы — домбыраның мәні мен маңызы кеңінен насихатталды.

Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосады.