Әкелер күніне орай Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Әкемен бірге — кітап әлемінде» атты мәдени-танымдық шара өтті

Әкелер күніне орай Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Әкемен бірге — кітап әлемінде» атты мәдени-танымдық шара өтті

Әкелер күні мерекесіне орай Қарақұдық ауылдық кітапханасында отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Әкемен бірге — кітап әлемінде» атты мәдени-танымдық шара ұйымдастырылды.

Кездесудің арнайы қонағы — отбасылық құндылықты жоғары бағалайтын, үлгілі әке Сапаков Кульназар болды.

Іс-шара барысында Кульназар балаларымен бірге кітапханаға келіп, жас ұрпақтың бойына оқу мәдениетін сіңірудің маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Әке мен баланың ортақ кітапты бірге парақтап, мазмұнын талқылауы өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жағымды үлгі ретінде атап өтілді.