Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің тұғыры

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің тұғыры

Қарақұдық ауылдық кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында оқырмандармен кездесу өтіп, еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы туралы танымдық әңгіме өрбітілді.

Оқырмандар рәміздердің қалыптасу жолдары мен олардың маңыздылығы туралы терең мағлұмат алып, тарихи деректермен танысты.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі. Осындай тағылымды шаралар ұрпақтар сабақтастығын жалғап, көпшіліктің мемлекеттік нышандарға деген құрметін арттыратыны сөзсіз.