Кітапхананың жас оқырмандары марапатталды

Кітапхананың жас оқырмандары марапатталды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қарақұдық ауылдық кітапханасында жас оқырмандарды марапаттау шарасы өтті.

Кітап оқуға құштарлық танытқан Қарақұдық орта мектебінің 1-сынып оқушысы Орнова Айзере мен білімге құмар, кітапқа деген сүйіспеншілігі жоғары 12 жасар оқырман Хайриев Линар «Ең кішкентай оқырман» номинациясымен марапатталды.

Кітапханамыздың жас оқырмандарына Алға аудандық орталық кітапханасы директорының атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Алдағы уақытта да балалар оқуда озат болып, кітап әлеміндегі жетістіктері арта берсін деп тілейміз!