
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарақұдық мәдениет үйі мен мектеп ұжымы бірлесіп, бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік көңіл-күйге толы бұл шарада балалар белсенді ойындарда бағын сынап, өз өнерлерін паш етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты достыққа, татулыққа және бірлікке баулу.