Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Қарағаш, Қарақобда және Қарақұдық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауыл тынысына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, Нұрбұлақ ауылында воркаут және балалар ойын алаңын орнату, сондай-ақ «Алға–Нұрбұлақ» пен «Алға–Самбай» автожолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіп, грейдермен тегістеу мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, Қарақобда ауылында балалар ойын алаңын және ветеринарлық пункт салу жоспарлары талқыланды. Ал Қарақұдық ауылдық округіне қарасты Тікқайын және Көктоғай ауылдарына кіреберіс жолдарды тегістеу бойынша ұсыныстар назарға алынды.

Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар қайтарылып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.