
2026 жылдың 17 сәуірінде №4 Алға орта мектебінің базасында жоғары сынып оқушыларына арналған «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты TED-style форматындағы мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шара мектеп оқушылары арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беруге бағытталған бірлескен жоспар аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі мен маңызы туралы мазмұнды ақпарат алды.
Кездесуге Алға ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі Болатбек Кангужин, персоналды басқару қызметінің басшысы Айнұр Шабенова, сондай-ақ өңірлік кадрлық резервтің Ақтөбе облысы бойынша жеңімпазы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Жылқайдарова қатысты.
Спикерлер өздерінің еңбек жолы, тәжірибесі және мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері туралы баяндап, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашық пікір алмасу алаңын қалыптастырды.
Мұндай кездесулер жас буынның азаматтық жауапкершілігін арттырып, ел дамуына үлес қосуға деген қызығушылығын нығайтуға септігін тигізеді.