
Сәуірдің 15 күні аудан әкімі А.С. Шуиншалиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында 11 тұрғын өзекті мәселелерді шешуге көмек сұрап жүгінді. Негізгі өтініштер бойынша тұрғын үйді қайта жаңғырту және кондоминиум, жұмыспен қамту, жер қатынастары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды.
Сұрақтардың барлығы мұқият тыңдалып, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіріліп, көмек беру үшін жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
А.С. Шуиншалиев аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын, туындаған мәселелерді шешу жұмыстары тұрақты негізде жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындармен ашық диалогтың маңыздылығына тоқталып, азаматтарды аудан өміріне белсене араласып, сұрақтары мен ұсыныстарымен әкімшілікке хабарласуға шақырды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүргізетінін естеріңізге саламыз. Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11