Көктоғай негізгі мектебінде «Тазалық эстафетасы» өтті

Көктоғай негізгі мектебінде «Тазалық эстафетасы» өтті

23 наурыз – Тазару күніне орай Көктоғай негізгі мектебінде «Тазалық эстафетасы» ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында өткен бұл шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, табиғат анаға құрмет көрсету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық акциясы аясында мектеп ұжымы мектеп ауласын ретке келтірді. Нәтижесінде білім ордасында көктемгі жаңарудың лебі сезілді.

Бұл шара тазалықты сүю — мәдениеттіліктің басты белгісі екенін, сондай-ақ ұжымдық ауызбіршіліктің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Тазару күніндегі мұндай игі істер қоршаған ортаға ұқыпты қараудың жарқын үлгісі болмақ.